Өскеменде тағы бір көмір сататын тұйық жол ашылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-10-2024, 12:20 0

14 қазанда Өскемен қаласында тағы бір тұйық жол жұмыс істей бастады. Онда көмірдің бір тоннасы 15 800 теңге. Көмір тұйығы Самар тас жолы, 2а мекенжайында орналасқан. 

Жалпы облыс 22 аймақтық оператор көмір сатумен айналысады. Қазір көмір тұйықтарында: Өскеменде – 6920 тонна, Риддерде – 800 тонна, Алтай ауданында – 3905 тонна, Глубокое ауданында – 600 тонна, Шемонаиха ауданында – 2212 тонна көмір бар. 

– Облыс тұрғындарын және жылу көздерімен қамтамасыз ету «Қаражыра» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство хабарламасында. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив