Семейде қоқыс жәшігінен денесін күйік шалған сәби табылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 14-10-2024, 10:40 0

Семей қаласындағы аудандарының бірінде 13 қазан күні сағат 12:00 шамасында жанып жатқан қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәресте табылды. 
Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген шақалақ жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

– Шақалақ сағат 19:40-та қайтыс болды. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Абай облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста болып отырмын, - деп жазды Динара Зәкиева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.  

Нәрестенің дүниеге келгеніне шамамен небәрі 1 күн болған.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив