Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп рационының тағамдық құндылығын, қауіпсіздігін, құнарлылығын, әртүрлілігін ескере отырып, оны жақсарту жолдарын талқылады.
– Қазірде Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтану стандарттарын қайта қарауда, балалар организмінің физикалық және психикалық дамуы үшін пайдалы болатын бірыңғай мәзір әзірленетін болады, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Елімізде 3,9 млн-ға жуық мектеп жасындағы бала бар, оның ішінде 1,7 млн бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілген.