Қала тұрғындары кеміргіштердің ағаштардың түгін қалдырмағанын, электр желілерінің зақымданғанын айтып шағымданды.
– Құндыздар көктерек пен қайыңның жұмсақ қабығы мен ағашын жақсы көреді. Сібі көлдері аймағында көктерек пен қайың ағаштары, талдарға қарағанда көбірек, - дейді С.Аманжолов атындағы биология кафедрасының профессоры Константин Прокопов.
Сондай-ақ, тұрғындар «Светочь» бақша қоғамдастығының аумағында электр желілерін зақымдаған өзен құндыздарының пайда болғанына наразы.
– 8 қазанда «Светоч» бақша қоғамдастығының аумағында құндыздардың пайда болуына қатысты мәселені жедел әрекет ету тобының қызметкерлері шешуге тырысты. Кеміргіштер ағаштарға, сондай-ақ электр желілеріне зақым келтірген. Қазір жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету бөлімінің баспасөз қызметі.