Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен Будапеште өткен кездесуде Лос - Анджелес Олимпиадасы қарсаңындағы 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келді.
– 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос - Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін,- деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Сонымен қатар Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
– Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін, - дейді Ербол Мырзабосынов.