«Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі кезінде «Өскемен-Бозанбай-Бәйге төбе» бағытын қамтитын автобус қатынайды


ЖАҢАЛЫҚТАР 9-10-2024, 15:30 0

12 қазан күні Өскемен қаласының «ADAL» автовокзалынан сағат 9:00-де және сағат 10:00-де автобус жөнелтіледі, кері 15:00-де және 16:00-де жөнелтіледі. 
Маршруттың жүру жолы бойынша «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш маркет», «Сәтбаев», «Сол жағалау полиция бөлімі (жатақхана)», «20 шағын аудан» аялдамаларында аралық аялдамалар ұйымдастырылады. 

Бір реттік жол жүру бағасы 200 теңге. 

Барлық сұрақтар бойынша «ADAL» автовокзалының анықтама қызметіне келесі телефон нөмер бойынша хабарласуға болады: 8-777-189-00-03.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив