Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдумның қорытындысы жарияланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 8-10-2024, 14:00 0

Орталық референдум комиссиясы АЭС салуға байланысты республикалық референдумның қорытындысын жариялады. 

Референдум қорытындысы бойынша, Қазақстанда АЭС салу мәселесін дауыс бергендердің 71,12%-ы немесе 5 561 937 адам қолдады. Атом электр станциясын салуға қарсы дауыс бергендердің саны – 2 045 271 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 130 267. 

– Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге барған. Осылайша, референдум өтті деп есептеледі, - деді Орталық  референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар