ШҚО әкімі қазыналы қарттарды мерекемен құттықтады


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-10-2024, 17:00 0

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қазыналы қарттарымызды 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтады. 

– Бүгін біз мейірім мен қамқорлыққа толы ерекше мерекелердің бірі - Қарттар күнін атап өтудеміз. Аға буын өкілдері - ерен еңбекқорлық пен теңдесі жоқ төзімділікті кейінгі ұрпаққа өнеге ететін жандар, даналық пен дәстүр сақтаушысы. Еліміздің қарқынды дамуы жолындағы қол жеткізген толағай табыстар мен айтулы жетістіктер, ең бірінші кезекте, сіздер негізін қалаған, бірлік пен ынтымақтың арқасы, ерен еңбектің жемісі. Жастар үшін аға ұрпақтың даналығы баға жетпес байлық. Шығыс Қазақстанда аға буын өкілдері белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, болып жатқан оқиғалардан қалыс қалмай, өзекті мәселелерді талқылауға қатысады. Сіздер өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаюы жолында ерекше үлес қосып келесіздер. Біздің негізгі міндет қазыналы қарттарымызға шынайы қамқорлық жасап, қолдау көрсету. Мерейлі мерекеде, баршағызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, амандық тілеймін, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар