Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автожол салу мәселесі талқыланды


ЖАҢАЛЫҚТАР 1-10-2024, 14:30 0

Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа автожол пайда болуы мүмкін. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, автожолдың жаңа бағыты Моңғолия шекарасына қарай шығатын Өскемен, Риддер қалалары және Туэкта (Ресей Федерациясы) елді-мекені арқылы өтеді. 

Жаңа маршруттың Қазақстандығы учаскесі – Өскемен қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралықта салынды. Оның жалпы ұзындығы 189 шақырым, 62 шақырымда күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Маршруттың басым бөлігі Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтеді, егер Ресей тарапы жол салуға келісім берілсе, маршрут 837 шақырымды құрайды. 

Ал қазір қолданыстағы «Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы» тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымды құрайды. 

– Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ, - делінген хабарламада.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар