ҚХА өкілдеріне АЭС салудың маңыздылығы түсіндірілді


ЖАҢАЛЫҚТАР 25-09-2024, 11:00 0

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық халықтық штабының мүшелері Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп атом электр станциясын салудың маңыздылығын түсіндіріп азаматтар тарапынан АЭС ке қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтындығын нақты атап референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып өз көзқарасын білдіруге кез-келген азамат құқылы»,-деді халықтық штаб мүшесі Аманбай Нуркенов.

Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив