Үлкен Нарын ауданының әкімі тағайындалды


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-09-2024, 14:30 0

Үлкен Нарын ауданының әкімі болып Елдос Байрахметов тағайындалды. 

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Үлкен Нарын ауданына жұмыс сапары барысында  Елдос Байрахметовты Үлкен Нарын ауданының әкімі ретінде тағайындады. 

Елдос Жанболатұлы 1990 жылы Үлкен Нарын ауданы Балғын ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген. 

2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да оператор болып жұмыс істеді. 2019-2021 жылдары «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 2021-2022 жылдары Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің кеңесшісі, көмекшісі болды. 2022-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы басшысының орынбасары, 2023 жылдан бастап облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы, 2024 жылдың ақпан айынан бастап Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар