АЭС салуды қолдау бойынша Тарбағатай аудандық Халықтық штаб мүшелері Нурпеисов Болат Жұмабекұлы, Боғырбаев Асқар Жұмашұлы және Аудандық «Тұғырлы Тарбағатай» газетінің редакторы Үсенов Ернар Ақжар ауылындағы аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде энергетика жетіспеушілігінің алдын алудың ұтымды жолы - АЭС құрылысының маңызы талқыланды.
«Елдің ертеңін ойласақ, болашақтағы қуат тапшылығын болдырмауды ескерсек Қазақстанға АЭС салу маңызды. Қазірдің өзінде қуат тапшылығы еліміздің оңтүстік өңірлерінде сезілуде»,- деді аудандық Халықтық штабтың мүшесі Болат Нурпеисов.
Елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын салудың қаншалықты тиімді әрі пайдалы екені туралы түсіндірілді. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Шара соңында аурухана қызметкерлері АЭС салуды қолдайтынын және референдумға барып, таңдау жасайтындықтарын айтты.