Шығыс Қазақстан облысында туристік нысандарға ерекше көңіл бөлінуде


ЖАҢАЛЫҚТАР 20-09-2024, 18:00 0

Облыстық мәслихат сессиясының кезекті отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс экономикасын әртараптандырудың қуатты инвестициялық ресурсы туризм екенін айтты.

Облыстың табиғи әлеуетін және климаттық ерекшеліктерін пайдалана отырып, Бұқтырма су қоймасы, Сібір, Шыбындыкөл, Окуньки көлдерінің жағалауы бойындағы жағажай демалысы, қысқы демалыс – Риддер қаласында және «Алтай альпісі», аңшылық және балық аулау, тарихи және ауылдық демалыстар туризмнің негізгі бағыттары. 

– 2024 жылдың 1 жартыжылдығында туристік объектілерде көрсетілген қызметтер көлемі 50 %-ға өсіп, 3,4 млрд теңгені құрады. Облыс бойынша барлығы 5,0 мың шақырымнан астам автожол өтеді, оның ішінде туристік нысандарға қарай 1110 шақырым. «Жол жылы» шеңберінде шамамен отыз екі миллиард теңге сомаға жергілікті бюджеттен 600 км жолдар мен көшелерге, оның ішінде туристік нысандарына баратын маршруттар бойынша 121 км жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді облыс әкімі. 

Облыс орталығынан Шымкент, Мәскеу және Новосибирск қалаларына, Үржар ауылына жаңа әуе қатынасы іске қосылды. Ақтау, Ақтөбе, Атырау қалаларында субсидияланатын әуе қатынасын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Зайсан және Катонқарағай аудандарында 2025 жылдың соңына дейін жаңа заманауи әуежайлар салынады.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив