Шығыс Қазақстан Облыстық Мәслихатының кезекті XVI сессиясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Облыстық мәслихаттың кезекті XVI сессиясында Ермек Көшербаев өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытудағы айтарлықтай нәтижелерді атап өтіп, инвестициялық ахуалды жақсартудың маңыздылығына тоқталды.
– Президентіміз өз жолдануында инвестициялық ахуалды және бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды. Облыста жыл басынан бері 2,6 млрд теңгеге 630 жоба субсидияланып, кепілдік берілді. «Ақ-Ниет» шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен қаржыландырудың аймақ бағдарламасы аясында биыл 1,3 млрд теңгеге 104 жобаға несие берілді. Биылдан бастап Марқакөл, Күршім, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарында тұрғын үй мен жол сервисін дамыту жобаларына қаржы бөлінді. Облыста 916,6 млрд теңгеге экономиканың нақты секторының 40 жобасының Пулы қалыптастырылды. Ағымдағы жылы 49,9 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарлануда, - деді Ермек Көшербаев.
Ермек Көшербаев кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту Шығыс Қазақстан облысы үшін алдағы уақытта да негізгі басымдық болып қала беретінін, бұл өңірдің экономикалық өсуіне және өмір сүру жағдайының жақсартатынын атап өтті.