Бүгін Глубокое аудандық партия штабының төрағасы Алтай Қалигожин Глубокое кентінің тұрғындарымен және мәдениет үйіндегі әлеуметтік сала өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында атом электр станциясының құрылысы мен 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумның маңыздылығы талқыланды. Кездесуде жобаның негізгі аспектілері түсіндіріліп, әрбір азаматтың Қазақстанның болашағына әсер ететін шешім қабылдауға қатысуының маңыздылығы атап өтілді.
– АЭС салу, елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанның одан әрі экономикалық өсуі мен халықаралық ұстанымдарын нығайту үшін септігін тигізеді, - деді Алтай Қалигожин.
Кездесуге қатысушылар спикерге сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.