Ұлттық Банктің мәліметінше, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған полиграфиялық өнімдер яғни, қолдан жалған ұлттық валюта сату туралы жарнамалардың, мерейтойлық және «Сақ стилі» сериясындағы 10 000 теңгелік жалған банкнота тарағанын ескертеді.
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде ерекше сақтық танытып, олардың түпнұсқалығын тексеруді қатаң түрде ұсынамыз. Ұлттық валюта банкноталарындағы қорғаныс элементтері туралы ақпаратты Қазақстан Ұлттық Банкінің YouTube арнасынан және ресми сайтынан табуға болады. Күмәнді банкноталар, соның ішінде шын ақшаға ұқсас банкноталар байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет, - делінген Ұлттық Банк хабарламасында.