V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шығысқазақстандықтарға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев сәттілік тіледі.
– Бүгін Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың басын біріктірген дүбірлі дода Астана төрінде өтуде. Ежелгі көшпенділердің рухы мен нағыз мұрасын ұштастырған жарыс барысы жанкүйерлер үшін қызықты атмосфера құрмақ. Жарысқа келген үш мыңнан астам спортшы халық спортының, 20-дан астам түрі бойынша бақ сынасады. Шығыс Қазақстан командасы садақ ату, арқан мен таяқ тарту және басқа да спорт түрлері бойынша өнер көрсетеді. Айта кетейік, көшпенділер ойындарынын алдында біздің, спортшылар киелі Мұзтау етегінде орналасқан Көккөл сарқырамасына барды. Бұл жердің қасиеті оларға жеңіске ерік пен күш беретініне сенімдімін. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барлық қатысушыларына сәттілік тілеймін!, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.