Президент: Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-09-2024, 16:35 0

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін нақтылады.

Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет.

"Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет", деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив