1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары оқытылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 2-09-2024, 11:00 0

Еліміздің барлық балабақшаларында, мектептері мен колледждерінде 1 қыркүйектен бастап балаларға қорғану негіздері оқытыла бастайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.   

Балалардың жеке қауіпсіздігіне және басқаларды қорғауға саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру мақсатында оқу-ағарту министрлігі «Жеке бас қауіпсіздігі» тақырыбында 130 сабақ әзірледі.

– Балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, сабақта балаларды ынталандыратын жайлы жағдай жасалады. Балаларға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен дағдылар ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік пен құзыреттілік туралы түсіндіріледі, - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. 

Сабақ апта сайын сынып сағаты кезінде 10 минут өткізіледі, бір тақырып жылына үш рет қайталанады. Сабақ барысында практикалық кеңестер, ойындар, оқытудың интерактивті әдістері, демонстрациялар, бейнероликтер және материалды барлық жастағы балалар үшін қолжетімді және түсінікті етуге көмектесетін практикалық оқытудың басқа да нысандары қолданылады. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив