Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Негізгі ҰБТ-ға қатысуға өтініш беріп үлгермеген талапкерлердің пікірін еске ала отырып, 22 мамыр сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін тестілеуге тіркелу базасы барлық тестіленушілер үшін ашылатыны белгілі болды.
Өтініш беріп үлгермеген тест тапсырушылар app.testcenter.kz сайтында ұсынылған қолжетімді орындарға ғана тіркеледі. 2 рет өтініш берген талапкерлер үшін іс-әрекет қолжетімсіз болады, - деп атап өтті ведомство басшысы.