Орман мекемелерінің автопаркі 100 %-ға жаңартылады


ЖАҢАЛЫҚТАР 27-08-2024, 15:00 0

Орман шаруашылығы мекемелерінің  автопаркі толығымен жаңартылады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қолданыстағы техниканың 72%-ы тозғандықтан орман мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауғақаржы бөлінді. Бұл Жетісу, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарындағы автопарктерді толығымен жаңартуға және жабдықтауды 100%-ға жеткізуге мүмкіндік берді.

Лизинг және бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 47млрд теңгеге:

- 428 өрт сөндіру машиналары,

- 389 шағын орман өрт кешендері,

- 387 трактор,

- 104 күзет машинасы сатып алынады.


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар