ШҚО-да былтырғыдан 6 есе аз орман өрті тіркелді


ЖАҢАЛЫҚТАР 30-07-2024, 16:56 0

Шығыс Қазақстанда өрттің қауіпті кезеңіне дайындық шаралары қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрттің қауіпті кезеңінің басынан бастап аумағы 0,3 га болатын 8 орман өрті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5 есеге аз.
 – Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы 13 орман шаруашылығы кәсіпорны, 2 табиғи қорық және 1 ұлттық парк бар. 52 мобильді топ құрылып, 964 рейд өткізілді. Елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері құрылды, - деді ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов аймақ басшысына берген есебінде.
Сондай-ақ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамында 1329 қызметкер мен 240 техника бар. Мемлекеттік орман күзеті өрт басталған жағдайда 1361 адам мен 226 өрт сөндіру техникасын шығара алады. Ормандағы әуе патрульдерін 4 бақылаушы ұшқыш пен 15 өрт сөндіруші десантшылар жүзеге асырады. 
Аймақ басшысы халық арасында өрттің алдын алу жөнінде ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.  
- Барлық жауапты тұлғалар үнемі сақтықта болуы керек. Барлық адамдар мен жабдықтарды қайтадан тексеріңіздер. Барлығы сағат механизмі сияқты жұмыс істеуі керек. Өрт табиғат пен адамдарға зиянын тигізбесін, - деді Ермек Көшербаев.
Сонымен қатар ол балалар лагерьлері мен туристік аймақтарда да қосымша нұсқау және профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін еске салды.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив