Өскеменде өртенген пәтерден төрт адам құтқарылды


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-08-2024, 14:37 0

Михаэлис көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртеніп, төрт тұрғын құтқарылды. Құтқарушылар тұрғын үйден тағы он адамды эвакуациялады. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт кезінде пәтердегі жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен.

- Өрт сөндірушілер құтқару капюшдарының көмегімен 4 тұрғынды құтқарды, оның үшеуі бала. 10 тұрғын түтіндеп жатқан аумақтан эвакуацияланды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Отыз шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар