Өскеменде өрт сөндірушілер 15 тұрғынды эвакуациялады


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-08-2024, 10:58 0

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Назарбаев даңғылындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер түтінденген аймақтан 15 тұрғынды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала бар.

- Пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанып кеткен. Құтқарушылар ауданы 10 шаршы метр жердегі өртті ауыздықтады, - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар