Қазақстан Ұлттық банкі жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады


ЖАҢАЛЫҚТАР 26-08-2024, 14:00 0

Қазақстан Ұлттық Банкі Рақымжан Қошқарбаев пен Кемал Ақышевтың 100 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады.  
– Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан RAQYMJAN QOSHQARBAEV. 100 JYL және KEMEL AQYSHEV. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталар 2024 жылғы 28 тамыздан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады, - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі. 
Монеталар мельхиор қоспасынан (МН 25) жасалды, массасы – 15 грамм, диаметрі –  33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.   
– Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады, делінген Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив


Соңғы жаңалықтар