23 тамыз күні Асқар Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды.
– Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген баспасөз қызметі хабарламасында.
Асқар Биахметов 1975 жылы 5 қазанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, Қазақ мемлекеттік заң университетін – "Құқықтану" мамандығы бойынша, президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Ұлттық мемлекеттік саясат мектебініңмагистратурасын "Саясаттану" мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.
1993-2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, "Профилакторий" ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004-2009 жылдары – Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
2009-2014 жылдары – Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі.
2014-2015 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.
2015-2018 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019-2020 жылдары – премьер-министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2020-2023 жылдары – премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2023 жылдың ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – үкімет аппараты басшысының орынбасары.