15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқытуға жіберіледі деген ақпарат жалған


ЖАҢАЛЫҚТАР 23-08-2024, 12:30 0

15 қыркүйектен бастап республикада бетперде режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқытуға жіберіледі деген желілерде таралып жатқан ақпарат жалған, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 

– Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы  жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі. Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз, - делінген санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарламасында. 


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив