АЭС Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілгін арттыру үшін маңызды


ӘР САЛА / ЖАҢАЛЫҚТАР 19-09-2024, 10:27 0


«AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. 
Аймақтық кеңестің отырысында «Мықты өңірлер-ел дамуының драйвері» Ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй құрылысы,   Жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру, тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту, жұмыссыздықты төмендету, Туризмді аймақтық даму факторы ретінде дамыту сияқты бір қатар мәселелерді талқылады.
«Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңестің мүшелері  партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының тармақтарының уақытылы орындалуын басты назарда ұстайды. Бүгінгі күн тәртібінде көтерілген мәселелердің маңызы зор. Азаматтарды жұмыспен және баспанамен қамту Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттардың бірі»,- деп атап өтті аймақтық кеңестің орынбасары Нурлан Омарбеков.
Сонымен қатар,аймақтың кеңес мүшелері Атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселелерді талқылады.
«Атом энергетикасы ұзақ мерзімді перспективада электр энергиясының тұрақты бағасын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілгін арттыру үшін маңызды»,-дейді облыстық халықтық штабтың мүшесі Аманбай Нуркенов.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив