Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Күршім ауданында әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылып, жылу желілері жаңартылып жатыр. Сонымен қатар 30 жыл бұрын істен шыққан қазандық қондырғысы іске қосылды.
– Қазандық жоғары қысым мен температураны көтере алады. Жұмыс аяқталғаннан кейін оны бір апта бойы сынақтан өткіздік. Барлығы 18 көпқабатты үй бар, қазіргі уақытта 4 үй мен 1 мектеп жылумен қамтылған. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда, біз үйлер мен әлеуметтік нысандарды тез арада жылумен қамтуды жоспарлап отырмыз, - деді Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев.
Алдағы уақытта Күршім ауданындағы 18 көпқабатты үйдің барлығын орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылуы мүмкін.