ШҚО-да су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:52 0

Шығыс Қазақстанда суға түсу маусымы басталғалы 4 адам су айдындарында батып кеткен, оның 2-еуі жасөспірімдер. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Исхар Савазов мәлімдеді. 

Сонымен қатар, құтқарушылар облыс бойынша қауіпсіздік шараларын күшейтіп, 500-ден астам профилактикалық рейд өткізді.

Өңірде демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұқтырма су қоймасында құтқару бекеті орнатылды. Су айдындарында шомылуға рұқсат етілмеген 74 орын жабылды. Құтқарушылар демалушыларды тек жабдықталған орындарда шомылуға және суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив