ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі спортшылар сайысқа түседі

ЖАҢАЛЫҚТАР Бүгін, 09:10 0

Бүгін Өскемендегі Үстел теннисі орталығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және ақыл-ой даму ерекшелігі бар спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасы VII спартакиадасы басталады.

Спартакиада 23-29 маусым аралығында өтеді. 25-26 маусым күндері – жекелей ойындар, 27 маусымда – жұптық, 28 маусымда – аралас жұптық ойындар өтеді. 

Ал 29 маусым күні сағат 10:00-де жарыстың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Жарысқа Қазақстанның 18 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген 200-ден астам спортшының қатысуы жоспарланып отыр. 

Іс-шараның басталуы мен өтетін орны: сағат 10:00-де, Сәтпаев даңғылы, 82/8.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив