Алтайда балалар алаңы мен спорт алаңы ашылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше, 16:30 0

Алтай қаласында заманауи балалар алаңы мен спорт алаңы ашылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.

Жоба Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен «Казцинк» компаниясы арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асты.

Салтанатты іс-шараға Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев қатысты. 

– Біз жергілікті билік пен әлеуметтік жауапты бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысының арқасында нақты оң өзгерістердің орын алып жатқанын көріп отырмыз. Бұл ойын алаңы балаларымыздың денсаулығына, дамуына және қуанышына салынған инвестиция. Ойын алаңы қауіпсіздік, функционалдылық және эстетиканың заманауи стандарттарына сәйкес жабдықталған. Ойын кешендері, спорт элементтері, сондай-ақ жайлылық пен жарақаттан қорғауды қамтамасыз ететін резеңкеленген жабын орнатылған, – дейді аудан әкімі. 

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан қала тұрғындары өз әсерлерімен бөлісті. 

– Бұрын бұл жерде бос орын болатын. Қазір бұл жер серуендеуге және балалармен дем алуға арналған тамаша орынға айналды. Осы жобаға қатысқандардың барлығына рахмет, – деді жас ана Әлия Рахимжанова.


Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив