28 маусымнан бастап туристерге арналған «Ақ Берел» маршруты қайта ашылады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Ұлттық парк мамандарының айтуынша, өзендегі судың деңгейі төмендеді. Осыған байланысты мемлекеттік инспекторлар бағытты толық тексеріп, атты патрульмен өткелдерден өтіп көрді. Қазір бұл бағыт туристерді қабылдауға толық дайын.
Ұлттық парк өкілдері туристерге тәжірибелі гидпен және арнайы дайындықпен ғана жолға шығуға кеңес береді. Сонымен қатар ауа райының қолайсыздығын және маршрут талаптарын ескеруді ұсынады.