– Біз Ертіс өзені арқылы, яғни Омбыдан Зайсан көліндегі Тұғыл кентіне дейін өзен қатынасын дамытуды жоспарлап отырмыз, дейді Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов.
Павлодар өзен портының мүмкіндіктері жеткіліксіз болғандықтан, Семей мен Өскемендегі порттардың қуатын арттыру көзделген.
Порттарды салу үшін 5,6 млрд теңге жұмсалатыны айтылады.
Әсіресе Тарбағатайдағы Тұғыл кентіне салынатын порттың маңызы зор болмақ.
Тұғылдан қытай шекарасына, яғни Майқапшағайға дейін ұзындығы 99 шақырым болатын теміржол тартылатыны жөнінде ақпарат айтылды.