Өскемендік «Торпедо» финалға шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-04-2025, 11:03 0

Өскемендік «Торпедо» Pro Hokei Ligasy, яғни ел чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.


Енді өскемендік ұжым Көкшетаудың «Арланымен» күш сынасады. «Арландардан» айласын асырса, Кубок қоржында дей беріңіз.


Жарыстың жартылай финалында «Торпедо» мен Ташкенттің «Хумо» командасы жеті ойын өткізді. Тартысты жеті матчтан кейін ғана шын мықты анықталды. Ол – біздің «Торпедо» еді. Бұған ешкімнің таласы жоқ, өйткені өскемендік ұжым ойын барысында неше мәрте мінез танытып, ақтық сынға берілетін жолдаманы «жұлып» алды.


«Торпедо» мен «Арлан» арасындағы финалдың алғашқы ойыны 7 сәуір күні Көкшетауда өтеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив