Қазақстанда тағы бір айыппұл күшіне енді

ЖАҢАЛЫҚТАР 4-04-2025, 10:45 0

Қазақстанда тағы бір айыппұл күшіне енді. Сауда және интеграция министрлігі толығырақ түсіндіріп берді.

2024 жылы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне (ӘҚБтК) өзгерістер енгізу мақсатында ҚР Әділет министрлігі заң жобасын ұсынды. Осы өзгерістердің нәтижесінде 204-4 бапқа түзетулер енгізіліп, 2025 жылдың 13 наурызында күшіне енді.

"Негізгі жаңалық – бірінші рет заң бұзғаны үшін бұрын ескерту берілетін болса, енді бірден айыппұл салынады. Бұл өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған жағдайда кәсіпкерлерге ескерту жасалмай, бірден айыппұл салынады", - делінген хабарламада.

Бұрын, бірінші рет заң бұзушылық жасаған кәсіпкерге тек ескерту беріліп, айыппұл тек 1 жыл ішінде қайталанған жағдайда ғана қолданылатын. Енді бірінші рет заң бұзушылық үшін айыппұл мөлшері келесідей болады:

Жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес – 5 АЕК (19 660 теңге);

Орташа бизнес – 35 АЕК (137 620 теңге);

Ірі сауда желілері – 150 АЕК (589 800 теңге).


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив