15 наурыздан бері облыс орталығына аудандардан жәрмеңке ағылып келіп жатыр. Бүгінде Жібек жолының бойындағы «Алтай» орталығының жанында сенбі сайын тойбазар болады. Бұл жолы тойбазар көрігін самарлық шаруалар қыздырады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жалпы жәрмеңкенің мақсаты – облыс орталығындағы жұртшылықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Жыл басынан бері облыстың қалалары мен аудандарында 26 наурыздағы жағдай бойынша 563,2 млн. теңге сомасына 160 жәрмеңке өткізілген.
Самар ауданының жәрмеңкесінде азық-түлік бағасы әдеттегідей нарықтағы бағадан 10-15% төмен болады.