2024 жылы көп балалы отбасыларға қанша теңге жәрдемақы төленеді


ЖАҢАЛЫҚТАР 19-08-2024, 11:00 0

19 тамыз күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға қандай азаматтар жүгіне алатынын хабарлады.

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе 23 жасқа толмаған күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан 2024 жылы төменде көрсетілген көлемде жәрдемақы тағайындалды: 

4 балаға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 14 768 теңге; 

Сондай-ақ, Еңбек министрлігі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың 7%-ға өскенін атап өтті.

"Биыл көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған", делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы маусымда 594,8 мың отбасы көп балалы отбасыларға жалпы сомасы 40 млрд теңгеге мемлекеттік жәрдемақы алды. 


 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив