Дәрігер-сарапшы жазғы демалыстың соңғы айындағы балалардың қауіпсіздігі туралы тағы да еске салды


ЖАҢАЛЫҚТАР 16-08-2024, 11:00 0

Өскемен қаласының №1 емханасының бөлім меңгерушісі, дәрігер-сарапшы Әсия Қуанышева ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі бірінші орында екенін, сақтық  шараларын сақтау қаншалықты маңызды екенін түсіндірді. 

– Демалыс аяқталып балалардың мектепке баратын уақыты жақындап қалды. Қауіпсіздік ережелерін балаларыңызға әрдайым айтыңыз. Баланы жолда сақтыққа, жол қозғалысының негізгі белгілері мен жарақат алу қаупі бар орындар туралы балаңызға ескертіңіз.  Сондай-ақ оған жеке, тұрмыстағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертіңіз. Балалар ересектердің қарауынсыз дәрілік заттарды қабылдауға, бұрын игерілмеген электр құралдарын пайдалануға болмайтынын білулері тиіс, - деді Әсия Қанатқызы. 

Сондай-ақ, дәрігер ашық терезелер мәселесі әлі де өзекті екенін атап өтті. 

– Қайғылы жағдай болмас үшін бірнеше ережені сақтау керек. Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Оларды қонақта және қоғамдық орындарда қадағалаңыз, терезенің жақтауына ойыншықтар қалдырмаңыз олар баланың назарын аударуы мүмкін. Терезелерден орындықтарды, жиһаздарды және биік заттарды алып тастаңыз. Терезелердіңқауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныш торқойыңыз. Баланың балконға шығуына жол бермеңіз. Терезені ешқашан ашық қалдырмаңыз. Москит торы баланың салмағын көтере алмайды. Ашық терезе бала үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Әр отбасы үшін баланың қауіпсіздігі бірінші орында болсын, - дейді дәрігер-сарапшы Әсия Қуанышева.  

Қорытындылай келе, дәрігер  егер бала жарақат алса, диагнозды нақтылау және оның денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін міндетті түрде медициналық мекемеге жүгінуге кеңес береді. 

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив