сурет:buqara.kz
Катонқарағай ауданында өткен «Төр Алтай Қалиханын және Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалінде жазушы Қалихан Ысқақтың қызы Самал Ысқақова халықтың ықыласына ризашылығын білдірді.
Рухани іс-шарада Самал Ысқақова әкесінің құрметіне ұйымдастырылған кешке қатысып, жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Бұл кеш тек мен үшін емес, бүкіл ел үшін мәртебелі оқиға. Әкемнің есімін ұлықтап, шығармашылығын бағалап жатқандарыңызға зор алғыс, – деді ол көз жасына ерік беріп.
Оның жан тебірентер сөздері жиналған жұртты толқытты. Қалихан Ысқақтың рухани мұрасын қадір тұтқан ақындар мен қаламгерлер бұл кештен ерекше әсер алды.