Мектеп оқушыларына жазда жұмыс істеуге бола ма? Заң не дейді?


ЖАҢАЛЫҚТАР 17-05-2024, 13:58 0

Оқу жылының соңында ата-аналар “балам жазғы демалысын қалай өткізсе болады?” деген сұрақпен бас қатырады.

Көптеген жасөспірімдер жұмыс жасау үшін  ата-аналарынан рұқсат сұрап, кейбірі тіпті талап етіп жатады.

Ал, Заңнамада 14-16 жастағы балалар аптасына 24 сағаттан, ал 16-18 жастағылар аптасына 36 сағатқа дейін жұмыс істей алады деп белгіленген.

Кәмелеттік жасқа толмағандарға заң жүзінде атом электр станциялары, коксхимия өндiрiсі, цемент өндiрiсi, электр энергетикасы салаларында және сүңгуір, газшы, жанар-жағармай құюшы, құтқарушы болып жұмыс істеуге болмайды.

Сонымен қатар, Ұлттық жоба шеңберінде 16-18 жастағы балаларға мемлекет тарапынан да мүмкіндіктер қаралған.

Бірақ, шамадан тыс артық еңбек, кешкі ауысым, зиянды немесе қауіпті жерлерде жұмыс жасауға тыйым салынған және балалар үшін қауіпті екенін де естен шығармайық!

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив