Өскеменде үй кезегінде тұрғандардың тізімі жарияланды. Қалай көруге болады?


ЖАҢАЛЫҚТАР 24-07-2024, 12:40 0

Өскемен әкімдігі 13 шілдеде тұрғын үй алу кезегінде тұрған азаматтардың тізімін жариялады. Тізім жарты ай бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев сын айтқаннан кейін жарияланып отыр.

Тізімді Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтынан («Құжаттар» бөлімі) көруге болады.

Айта кетейік, бұл кезекте мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер және басқа санаттағы азаматтар бар.

Естеріңізде болса, 3 шілдеде облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы Ермек Көшербаев "Өскемен қалалық әкімдігі пәтер кезегін жасырып отыр" деп сын айтқан.

daryn

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив