Осинов асуындағы жолды бүлдірген мердігердің өзі жөндеп жатыр - Қазавтожол


ЖАҢАЛЫҚТАР 29-07-2024, 09:50 0


Осинов асуындағы жолды жөндеу жұмыстарын «Kurylys Group RK» ЖШС өз қаражатына жүргізіп жатыр. Өйткені олардың ауыр жүк көліктері сол жолмен үнемі жүреді. 

«Қазавтожол» ҰҚ АҚ-ның облыстық филиалы бұл учаскеде (56-69 шақырым) шілде айының ортасына дейін барлық ақауларды жою керек болғандарын, алайда жұмыс қарқынына нөсер жаңбыр кедергі келтіріп отырғанын хабарлады.

Сондықтан жөндеу жұмыстарын тездету үшін «ҚАЖсервис» ШҚОФ ЖШС компаниясы жұмылдырылған.

Қазірдің өзінде 2000 шаршы метрде жөндеу жұмыстары аяқталды. Әлеуметтік желілердегі комментарийлерде сол жолда ешқандай жөндеу жұмыстарын көрмегенін жазған облыс тұрғындарының наразылығына жауап ретінде «Қазавтожол» жүргізіліп жатқан жұмыстар мен оның нәтижелерінің фотосуреттерін көрсетті.

Inkar

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив