ШҚО әкімі Үлкен Нарын ауданының үздік қызметкерлерін марапаттады

ЖАҢАЛЫҚТАР 30-05-2025, 15:09 0

Үлкен Нарын ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген үздік қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

Алғыс хат аудандық мәслихат төрайымы Жанар Сыдықоваға табысталды. Ол аудан деңгейіндегі қоғамдық-саяси мәселелерге белсене араласып, жергілікті халықтың мүддесін қорғауда бастамашылдық танытып, мәслихат жұмысында жаңашыл көзқарасымен тиімді шешімдер қабылдауға үлес қосып келеді.

Сондай-ақ, өз ісіне адалдығы мен кәсібилігі үшін аудан әкімінің аппаратының кадр қызметі бөлімінің басшысы Гүлмира Сайынұлдинова, аудан әкімінің аппаратының баспасөз хатшысы Евгений Брайко – ауданның ақпараттық саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін, және төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дархан Әбілқайыров – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтындығы үшін атап өтілді.

Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив