Өскемен орталығындағы ғимараттардың бірі өртке оранды

ЖАҢАЛЫҚТАР 9-07-2025, 09:30 0

Кеше кешкісін Өскеменнің орталық көшелерінің біріндегі бір қабатты ғимараттан өрт шықты. Өрттің таралау аумағы  2450 шаршы метрге жеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Өрт Өскемендегі Лихарев көшесіндегі бір қабатты ғимараттан шыққан. Өртті сөндіру қатты түтінмен, жоғары температурамен және үлкен өрт жүктемесімен күрделене түскен.

– Оқиға орнына дереу ТЖД бөлімшелері келіп, жоғары дәрежедегі шақыру ранг бойынша отпен күресуге кірісті. Өрт орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өрт сөндіруді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов басқаруды – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері алдағы уақытта анықталмақ.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив