шартты сурет
Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы демалыс базалары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Алтай ауданы әкімдігінің мәліметінше, Бұқтырма су қоймасының жағалауында 143 демалыс базасы жұмыс істейді. Рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатындардың жолын кесу үшін маусым айынан бері тексеру жүргізілуде. Бүгінге дейін 19 рейд жасалған.
Жалпы жыл көлемінде алкогольді лицензиясыз сату бойынша үш факті тіркелген. 300 бөтелкеден астам алкоголь өнімі, 4170 қорап темекі тәркіленіпті. Тәркіленген заттардың жалпы құны жарты миллион теңге болған.
«POS-терминалдардың болмауына қатысты 12 факті, тіркеусіз қызметті жүзеге асырудың бір фактісі анықталды», - деп толықтырды аудан әкімдігі.
Бұқтырма жағалауындағы демалыс базаларын тексеру әлі де жалғасады.