Өскеменде әкесі мен баласы суға кете жаздады

ЖАҢАЛЫҚТАР 23-06-2025, 09:36 0

Өскемендегі "Самал" саябағының жағалауында қасында баласы бар ер адамды Ертіс өзенінің ағыны алып кеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Құтқарушылар ер адам мен балаға дер кезінде көмекке келген. Олар Өскемендегі "Самал" саябағының аумағына бақылау жұмысын жүргізу барысында ер адам мен баланы ағын алып бара жатқанын байқап қалады.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Бауыржан Капитанов құтқару шеңберін тастап, 1983 жылы туған әкесі мен 2012 жылы туған ұлын жағаға шығарды.

ТЖМ азаматтардан қырағы болуды және су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын бұзбауды сұрайды. Қалқымалармен жүзу қауіпті екенін де ескертеді. Балаларды ересектердің қарауынсыз суға қалдырмаңыз.

Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив