ШҚО-да мопедтердің тіркелуі тексеріледі

ЖАҢАЛЫҚТАР 24-06-2025, 11:48 0

29 маусымға дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Мопед" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Іс-шара мотоцикл жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ жол жүрісіне қатысушылардың осы санаты тарапынан жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталады.

Профилактикалық іс-шараны жүргізу мақсаттары:

-мопедтердің, мотоциклдердің, скутерлердің және өзге де екі доңғалақты көлік құралдарының жүргізушілерінің қатысуымен жол апатын азайту;

-жүргізуші куәлігінсіз мотокөлікті басқаратын немесе белгіленген жасқа толмаған азаматтарды анықтау;

-тіркеу құжаттарының болуын және мототехниканың техникалық жарамдылығын тексеру;

-жол қозғалысы ережелерін сақтауды қамтамасыз ету. Оның ішінде, дулығасыз басқару, жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, мас күйінде басқаруды болдырмау.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа мүдделі ведомстволармен бірлесіп, автожолдар мен елді мекендерде рейдтік іс-шаралар мен үздіксіз тексерулер ұйымдастырады. 

Кәмелет жасқа толмағандар мен олардың ата-аналары арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, мототехниканың қатысуымен жол көлік оқиғаларының қаупі жоғары учаскелерді патрульдеуді қамтамасыз етеді.


Adil

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив