Үлкен Нарын ауданы Свинчатка ауылында демалыс базасы салынады. Бұл туралы Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов мәлімдеді.
Аудан экономикасының маңызды бағытының бірі – туризм. Үлкен Нарын ауданында туристерді орналастыруға арналған 6 нысан жұмыс істейді: «Приморск» демалыс базасы, 2 қонақ үй, «Абзал» пантымен емдеу орталығы, «Арайлы Шығыс» және «Сұңқар» балалар сауықтыру лагерлері.
Алдағы уақытта, Катонқарағай ауданында әуежай құрылысы басталады. Сонымен қатар болашақта Свинчатка ауылында демалыс базасы салынады.
– Свинчатка ауылына қонақ үй салынады. Қазіргі уақытта қонақ үйге деген сұраныс жоғары. Қонақ үйден бөлек, демалыс базасы, халыққа ортақ жағалау салынады, - дейді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов.