Күршім ауданының ақсақалдары Қазақтың тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаевқа "Халық қаһарманы" атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen тілшісі.
Жиын барысында ардагерлер аудан әкімі А. Ақышовқа өз ұсыныстарын жеткізді.
Жақыпбек Малдыбаев 1907 жылғы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының (Қазіргі Күршім ауданы) Шеңгелді ауылында дүниеге келген.
Ұрпақтардың міндеті - батырлардың ерлігін есте сақтау. Сондықтан қазақтың тұңғыш ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев осындай марапатқа лайық,- деп есептейді ақсақалдар.
Айта кетейік, бүгінгі таңда әскери ұшқышқа ауданымызда мектеп және көше атауы берілген.
Іңкәр Төлегенқызы